Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Алматыдағы Қалқаман шағынауданында төрт үйдің ауласы жаңартылды

Алматының Наурызбай ауданындағы Қалқаман шағынауданында №22, 23, 24 және 25 тұрғын үйлердің аула аумағын көркейту жұмыстары аяқталды. Мұнда жаңа балалар ойын кешендері мен ашық аспан астындағы спорттық жаттығу құрылғылары орнатылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы paryz.kz аудан әкімдігінe сілтеме жасап хабарлады.

Алматыдағы Қалқаман шағынауданында төрт үйдің ауласы жаңартылды
Фото: Наурызбай ауд. әкімдігі

Жұмыс 2026 жылға арналған аула аумақтарын ағымдағы жөндеу бағдарламасы аясында атқарылды.

Жаңартылған аумақ төрт тұрғын үйді қамтиды. Онда барлығы 208 пәтер орналасқан. Балаларға арналған төрт ойын кешені орнатылып, спортпен шұғылдануға арналған 11 көше тренажері қойылды. 

1001262939.jpg

Сонымен қатар сегіз шағын сәулет нысаны орналастырылып, 810 шаршы метр аумаққа қауіпсіз тартан жабыны төселді. Көркейту барысында 364 қума метр қоршау орнатылып, 10 туя ағашы егілді.

1001262937.jpg

Сондай-ақ 510 шаршы метр аумаққа көгал төселді. Жасыл желекті күтіп-баптау үшін ұзындығы 487 метр автоматты суару жүйесі тартылды. Жұмыс Наурызбай ауданы әкімі аппаратының тапсырысы бойынша жүргізілді. Мердігер ұйым – «СКПромСтройПроект» ЖШС. 

1001262941.jpg