Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Тоқаев ҰҚК-ның жаңа төрағасына бірқатар тапсырма берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жаңа төрағасы Марат Ирменовті ұжымға таныстырып, оған бірқатар міндет жүктеді, деп хабарлады Ақорда.

Тоқаев ҰҚК-ның жаңа төрағасына бірқатар тапсырма берді
Ақорда

Президент ұлттық қауіпсіздік органдары жүйесін реформалау, ведомство алдына қойылған мақсаттарға жетудің жаңа тәсілдерін әзірлеу және қызмет тиімділігін арттыру қажеттігіне тоқталды.

"Қасым-Жомарт Тоқаев "Заң мен Тәртіп" қағидатының орындалуына, мемлекеттің экономика саласындағы ұлттық мүддесін қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа және басқа да заң бұзушылықтарға қарсы іс-қимылға баса назар аудару керек екенін атап өтті", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар президент кадрларды іріктеу тәртібін жетілдіру, әлеуметтік-экономикалық тұрақтылыққа төнетін қауіптің алдын алу, басымдыққа ие мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысында жемқорлық тәуекелдерін болдырмау жөніндегі профилактикалық шараларды күшейту туралы тапсырма берді.