Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Нұрлан Жақыповтың ұсталуы: Air Astana мәлімдеме жасады

Air Astana "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы және әуе компаниясы Директорлар кеңесінің атқарушы емес төрағасы қызметін атқаратын Нұрлан Жақыповтың ұсталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды paryz.kz.

Нұрлан Жақыповтың ұсталуы: Air Astana мәлімдеме жасады
Фото: istockphoto

Air Astana баспасөз қызметі ресми сайтында күні кеше ұсталған Нұрлан Жақыповтың ұсталуына қатысты компания ұстанымын жариялады.

"Air Astana акционерлiк қоғамы ("Компания" және оның еншілес кәсіпорны FlyArystan-мен бірге "Топ"), "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы ұсталғаны туралы ақпаратты назарға алғанын хабарлайды.

Ол сондай-ақ Топтың Директорлар кеңесінің атқарушы емес төрағасы қызметін атқарады. Топ жағдайдың дамуын бақылауды жалғастыруда", - делінген хабарламада.