Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Мемлекет басшысының Жолдауы: Білім, талант және жаңа дағдылар – креативті экономиканың басты байлығы

Президент Қазақстан халқына Жолдауында ел дамуындағы білімнің, ғылымның, инновация мен жастардың ерекше орнын атап өтті, деп хабарлайды paryz.kz.

Мемлекет басшысының Жолдауы: Білім, талант және жаңа дағдылар – креативті экономиканың басты байлығы
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Креативті индустриялардың негізгі қозғаушы күші – адам. Жаңа идеяны ұсынатын да, оны сұранысқа ие өнімге айналдыратын да – мамандар, авторлар, орындаушылар, продюсерлер, дизайнерлер мен әзірлеушілер. Сондықтан бейінді білім беру мен маман даярлау ісін жетілдіру, жас авторлар мен кәсіпкерлерді қолдау, заманауи технологияларды меңгеруге және кәсіби өсуге мүмкіндік жасау қажет.

Шығармашылық қабілетін цифрлық сауатпен және кәсіпкерлік дағдылармен ұштастырған жастар өз жобаларын дамытып, жаңа жұмыс орындарын аша алады.

Бұл Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға үлес қосады. Креативті индустрияларда адамның жасы мен мамандығына шектеу жоқ.

Әркімнің шығармашылық қабілетін танытып, тың идеясын ұсынуына жол ашық. Әр жас үшін саланың дамуына үлес қосып, еліміздің мәдени өмірінде өзіндік қолтаңбасын қалдыруға мүмкіндік бар.