Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

«Бетін тырнап, жарақаттаған»: Алматы тұрғыны бұрынғы әйелінен зәбір көргенін айтты

Алматы тұрғыны бұрынғы әйелінің өзіне күш көрсетіп, бірнеше рет қол көтергенін мәлімдеді. Ер адамның айтуынша, ол полицияға бірнеше мәрте арызданғанымен, мәселе ұзақ уақыт бойы шешімін таппаған, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Бетін тырнап, жарақаттаған»: Алматы тұрғыны бұрынғы әйелінен зәбір көргенін айтты
Фото: видиодан скриншот

Ер адам бұрынғы әйелі оны ортақ баспанадан шығаруға тырысып жүргенін айтады. Адвокаттың сөзінше, осы жағдай олардың арасында бірнеше рет жанжал туындауына себеп болған.

«Әйел бұрынғы күйеуіне қол көтеріп, бетін тырнап, жарақаттаған. Ер адам болған жағдайды видеоға түсіріп, полицияға арыз берген. Алайда оның арыздары бойынша тиісті шара қабылданбай, тіркелген істердің өзі кейін жабылған. Бұл істердің кейбірі менің қатысуыммен тоқтатылды», – деді адвокат. 

Сонымен қатар ер адамның өзі де әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бұрынғы әйелі оны балағат сөз айтты деп айыптап, полицияға шағымданған. Нәтижесінде сот ер адамды ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарған.

 Алматы қалалық полиция департаменті аталған оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Ведомство мәліметінше, ұрып-соғу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.