Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Жамбыл облысында 400-ге жуық мал ұрлаған күдіктілер ұсталды

Жамбыл облысында 400-ге жуық мал ұрлаған төрт күдікті адам ұсталды, деп хабарлайды paryz.kz.

Жамбыл облысында 400-ге жуық мал ұрлаған күдіктілер ұсталды
Фото: видиодан скриншот

Полиция мәліметінше, күдіктілер биыл шілде-қазан айлары аралығында Байзақ ауданында төрт рет мал ұрлаған. Олар қоралар мен жайылымдардан жалпы саны 384 бас ұсақ малды қолды еткен. Тергеу барысында полицейлер заттай дәлелдемелер жинап, куәгерлер мен күдіктілерден жауап алды.

Келтірілген шығын көлемі 34 миллион теңгені құрады. Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалып, оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полиция олардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.