Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Шымкентте кәсіпкерді бопсалаған екі ер адам ұсталды

Шымкентте кәсіпкерге қоқан-лоқы көрсетіп, 10 млн теңге талап еткен екі ер адам ұсталды, деп хабарлайды paryz.kz.

Шымкентте кәсіпкерді бопсалаған екі ер адам ұсталды
Фото: видиодан скриншот

Екі ер адам кәсіпкерге тиесілі жүк көлігінің кілтін иемденіп, одан 10 млн теңге талап еткен. Ақша берілмеген жағдайда жүк көлігін иесімен бірге өртеп жіберетіндерін айтып қорқытқан.

Алдын ала тергеу мәліметтеріне сәйкес, оқиға қалалық базарлардың бірінде болған. Ет өнімдерін тасымалдау барысында тауар бүлініп, тараптар арасында келтірілген шығынды өтеуге қатысты дау туындаған.

«Жедел іс-шаралар барысында Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ҰҚКД-мен бірлесіп күдіктілерді талап етілген соманың 5 млн теңгесін алып жатқан жерінен ұстады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өз бетінше билік ету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда», - деп хабарлады Шымкент қаласының ПД баспасөз қызметі.