Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Алматыда ішек инфекциясымен ауруханаға түскен РФММ оқушылары ем алып шықты

Алматыда ішек инфекциясымен ауруханаға түскен РФМШ оқушылары үйіне шығарылды, деп хабарлайды paryz.kz қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Алматыда ішек инфекциясымен ауруханаға түскен РФММ оқушылары ем алып шықты
Фото: pexels

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының NUR.KZ тілшісіне хабарлауынша, Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған Республикалық физика-математика мектебінің оқушылары ем қабылдап шықты.

"2026 жылғы 12 қазаннан бастап стационарға 58 бала жатқызылды. Дәрігерлер оларға қажетті медициналық көмек көрсетіп, клиникалық хаттамаларға сәйкес ем жүргізді", - деді ведомстводағылар.