Прямая трансляция

Астана

Астана

13°C

Бельгиялықтар Королі Филипп пен Матильда патшайым Ақордаға келді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгиялықтар Королі Филипп пен Матильда патшайымды Ақордада қарсы алды, деп хабарлайды paryz.kz.

Бельгиялықтар Королі Филипп пен Матильда патшайым Ақордаға келді
Фото: видиодан скриншот

Жоғары мәртебелі меймандардың сапарына орай салтанатты рәсімдер залында Құрмет қарауылы сап түзеді. Тараптар ресми делегация мүшелерін бір-біріне таныстырды.

Одан кейін Құрмет қарауылы ротасының командирі салтанатты рапорт берді. Президенттік оркестр Қазақстан мен Бельгияның мемлекеттік әнұрандарын орындады.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Король Филипп пен Матильда патшайым кілем төселген жолмен Қазақстанның Мемлекеттік туына қарай жүріп өтті. Осыдан кейін екі ел басшыларының шағын құрамдағы кездесуі басталды.