Прямая трансляция

Астана

Астана

2°C

Қазақстанға мемлекеттік сапармен Бельгия королі мен патшайымы келді

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген король Филипп пен патшайым Матильданы елорда әуежайынан қарсы алды.

Қазақстанға мемлекеттік сапармен Бельгия королі мен патшайымы келді
Фото: Ақорда

Қазақстан Әскери әуе күштерінің ұшақтары мемлекет шекарасынан Астанаға дейін король мен патшайым мінген бортқа қапталдаса ұшты.

Мәртебелі меймандарды салтанатты түрде қарсы алу үшін ұшу алаңында Құрмет қарауылы ротасы мен Президенттік оркестр сап түзеді.

Әуежай залында Тоқаев құрметті қонақтармен аз-кем әңгімелесті.