Прямая трансляция

Астана

Астана

1.05°C

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Солтүстік Қазақстанда кәмелет жасына толмағанға зорлық көрсету дерегі бойынша ерлі-зайыптыға сот үкімі шықты, деп хабарлайды облыстық сот.

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды
Фото: sputnik.kz

Іс облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Тағылған айып - Қылмыстық Кодекстің 121-бабының 4-бөлігі

"Кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері". Ал сотталушының әйеліне қатысты - 121-бап 4-бөлім "Кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған жыныстық сипаттағы өзге де әрекеттерді жасауға жәрдемдесу".

"Оқиға биыл 22 наурызында болған. Ер адам өз үйінде жасөспірімге зорлық-зомбылық көрсетіп, жыныстық сипаттағы басқа да әрекеттер жасаған", - дейді сотта. 

Ал оның әйелі Қылмыстық Кодекстің 121-бабының 4-бөлімінде көзделген кәмелетке толмаған қызға қатысты тағы бір қылмыс жасады деп айыпталды. Сотталушылардың кәмелетке толмаған балалары бар, сот оны жазаны жеңілдететін жәйт деп қарастырды.

"Ер адам сот үкімімен өмір бойына, ал әйелі 20 жылға бас бостандығынан айырылды", - дейді сотта.