Прямая трансляция

Астана

Астана

3.87°C

Кей қазақстандықтардан кірісі мен шығысындағы айырмашылықты растау талап етіледі

Қаржы вице-министрі Асет Тұрысов үкіметте өткен брифингте салық органдары қазақстандықтардан қымбатқа сатып алған мүліктері бойынша түсініктеме беруді қандай жағдайда талап ететінін айтты, деп хабарлайды paryz.kz.

Кей қазақстандықтардан кірісі мен шығысындағы айырмашылықты растау талап етіледі
Фото: istockphoto

Асет Тұрысовтың айтуынша, Қаржы министрлігінің Smart Data Finance жүйесі 80 дереккөзден мәлімет жинайды.

"Бұл Салық кодексіне сәйкес жылжымайтын мүлік, автокөліктер, жер және басқасы. Мобильді аударымдарға қатысты ескерте кетейін. Біз банк аударымдарын көрмейміз. Банктік құпия туралы заң бар, біз оны сақтаймыз. Тек белгілі бір жағдайларда ғана аударымдарды көре аламыз, оның өзінде бізге толық көлемдегі деректер емес, тек сигналдар ғана түседі", - деді ол. 

Оның айтуынша, азаматтарда кіріс көздерін көрсету мүмкіндігі бар.

"Әрине, егер сізде кіріс пен шығыс арасында үлкен айырмашылық болса, ешқандай табыс көзіңіз болмаса, бірақ жылжымайтын мүлік пен автокөліктер сатып алсаңыз, сұрақ туындайды. Кіріс пен шығыс бөлігін салыстыра отырып, біз айырмашылықты көреміз. Бұл айырмашылықты растау қажет. Оны растап, тиісті салықты төлесеңіз, мәселе шешіледі... Егер адамның ешқандай табыс көзі болмаса, бірақ ол пәтер, үй немесе 5-6 автокөлік сатып алса, онда оған бұл қаражаттың қайдан келгені туралы сұрақтар қойылады" - деді Асет Тұрысов.