Прямая трансляция

Астана

Астана

13°C

Балаларынан 26 млрд теңге табысын жасырған: Астанада алимент төлемегендердің арнайы техникалары тәркілене бастады

Астана қаласының прокуратурасы жүргізген тексеру барысында 5,5 мың борышкердің өз балаларынан 26 миллиард теңге көлеміндегі нақты табысын жасырып келгені анықталды. Сонымен қатар сот орындаушылары тарапынан жіберілген 5 мыңнан астам әрекетсіздік фактісі әшкереленді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Балаларынан 26 млрд теңге табысын жасырған: Астанада алимент төлемегендердің арнайы техникалары тәркілене бастады
Фото: Paryz.kz

Борышкерлермен күресу үшін елорда прокурорлары жаңа әдісті іске қосты. Енді өндіріп алу кезінде бұрын жеке сот орындаушыларының назарынан тыс қалып келген борышкерлердің арнайы техникалары да қамтылатын болады.

Осы тәсілдің арқасында жалпы құны 2 млрд теңгені құрайтын 126 бірлік құрылыс, жол және ауыл шаруашылығы техникасы анықталды.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесі:

  • Балалардың пайдасына өндірілген қаржы: Бүгінгі таңда 2,5 мың баланың пайдасына 2 млрд теңгеден астам алимент өндіріп алынды.

  • Әділет министрлігіне енгізілген акт: Жасырылған миллиардтаған кірістер мен анықталған арнайы техникаларға өндіріп алуды бағыттау, сондай-ақ заң бұзушылыққа жол берген тұлғаларды қатаң жауапқа тарту бойынша Әділет министрлігіне қадағалау актісі енгізілді.

Елорда прокуратурасы ата-аналарды балаларын асырау жөніндегі заңды міндеттерінен жалтармауға шақырады.