Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

Еліміздің бірқатар өңіріне жылу беріле бастады: Бектенов әкімдерге тапсырма берді

Үкімет отырысында Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев Қазақстанда жылыту маусымының басталғаны туралы баяндады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Еліміздің бірқатар өңіріне жылу беріле бастады: Бектенов әкімдерге тапсырма берді
Фото: pixabay.com

Вице-министрдің мәліметінше, қазіргі таңда Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында жылу берілді. Аптаның соңына дейін орталық, батыс және шығыс өңірлерде де жылу жүйесін іске қосу жоспарланып отыр.

Мәселеге қатысты Премьер-министр Олжас Бектенов әкімдерге дайындықты жеделдетуді тапсырды:

«Кейбір облыстарда жылыту маусымының басталуына санаулы күндер қалды. Әкімдерге дайындықты жеделдетуді тапсырамын. Ең алдымен жылу әлеуметтік нысандарға — балабақшаларға, мектептерге, ауруханалар мен емханаларға берілуі тиіс. Жылыту маусымы белгіленген мерзімде басталуы қажет. Ертең — энергетикалық кәсіпорындарға дайындық паспорттарын беруге құжат тапсырудың соңғы күні. Бұл мәселені әкімдер жеке бақылауына алуы тиіс».