Алдағы күндері Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді – циклонның әсерінен жаңбыр жауып, найзағай ойнап, қатты жел соғады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған paryz.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, алдымен батыс өңірлерде күн бұзылады. Мұнда жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады деп болжанып отыр.
"Республиканың басым бөлігінде жауын-шашынның тоқтауына, ауа температурасының төмендеуіне себеп болған антициклонның артынан еліміздің батыс, кейін солтүстік өңірлеріне жаңбыр, найзағай және екпінді жел әкелетін циклон жылжи бастайды", - делінген хабарламада.
Ал оңтүстік облыстарда жауын-шашын күтілмейді.
"Республиканың оңтүстігінде Өзбекстан аумағынан келетін жылы ауа массаларының ықпалымен жауын-шашынсыз, негізінен жылы ауа райы сақталады", - делінген хабарламада.