Алматы облысы Қарасай ауданы сотында актер Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды paryz.kz.
Оған қылмыстық кодекстің 274-бабы 2-бөлігі 3-тармағы негізінде іс қозғалған. Бұл бапта «онлайн-платформаларды пайдаланып көрінеу жалған ақпарат тарату» әрекеті көрсетілген.
Сот оны айыпты деп тауып, 2 жыл 3 айға бас бостандығынан айырды.
Сондай-ақ сот жәбірленушінің азаматтық талабын ішінара қанағаттандырып, оның пайдасына 5 миллион теңге өтемақы өндіріп беруді міндеттеді.
Үкім жарияланғаннан кейін Нұрсұлтан Жақсыген сот залында қамауға алынды. Сот үкімі әлі күшіне енбеді.
Айта кетейік, Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы жұбайы Фариза Сабыралиева видео жариялап, біраз уақыт бойы өзі туралы шындыққа жанаспайтын және абыройына нұқсан келтіретін ақпарат таратылғанын айтты.
Оның сөзінше, қылмыстық іс аясында Жақсыген кешірім сұраған, алайда жәбірленуші кешірімді қабылдамай, бұрынғы күйеуін сотқа берген.