Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Алматы әуежайында жұмысшы көз жұмды

Алматы әуежайында жұмысшы қаза болды, деп хабарлайды paryz.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Алматы әуежайында жұмысшы көз жұмды
Фото: istockphoto

Желіде тараған ақпаратты Көліктегі полиция департаменті растады. Қазіргі уақытта Алматы әуежайында адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

- Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды, - деп хабарлады департаменттен.

Аталған жағдайға байланысты Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметіне де сауал жолдадық. Жауап алынған соң, ақпарат толықтырылады.