Прямая трансляция

Астана

Астана

17°C

СІМ АҚШ-та қазақстандықтың әйелдің ұсталғанын растады

Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың көші-қон қызметі Флорида штатында Қазақстан азаматын заңнаманы бұзғаны үшін ұстағанын растады, деп хабарлайды paryz.kz.

СІМ АҚШ-та қазақстандықтың әйелдің ұсталғанын растады
Фото: getty images

Бұған дейін әлеуметтік желіде АҚШ-тың Флорида штатында үш баланың анасы, қазақстандықтың әйелдің ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. 15 қыркүйекте Қазақстан Сыртқы істер министрлігі тексеру нәтижесін хабарлады.

"АҚШ-тың көші-қон қызметі Қазақстан азаматын Флорида штатының аумағында заңды көші-қон мәртебесінің болмауына байланысты ұстаған. Қазақстандық дипломаттар АҚШ-тың мемлекеттік органдарымен де, ұсталған азаматтың отбасымен де байланыста, қажетті консулдық көмек көрсетіп жатыр", - деп мәлімдеді СІМ.