Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

«Шұғыл көмек керек»: Меккеге велосипедпен жол тартқан Ролан Иракта хабарсыз кетті

Шымкенттен Меккеге велосипедпен жолға шыққан Ролан Анатолий Иракта бірнеше сағаттан бері байланысқа шықпай жатыр. Бұл туралы оның парақшасында жазба жарияланды, деп хабарлайды paryz.kz.

«Шұғыл көмек керек»: Меккеге велосипедпен жол тартқан Ролан Иракта хабарсыз кетті
Фото: видиодан скриншот

Мәліметке сәйкес, Ролан шамамен бес сағат бойы хабарласпаған. Алдымен оның телефоны өшіп тұрған, кейін нөмірі қысқа уақытқа қосылған. Алайда бұл уақытта телефонды Роланның өзі пайдаланғанына сенімді емес екенін айтқан. 

«WhatsApp-тағы хабарламаларға жауап бермейді, қоңырау шала алмаймын. Ол әрдайым бағытын айтып, байланыста болатын. Егер қазір Иракта болсаңыздар және көмектесе алсаңыздар, маған жазыңыздар», – делінген жазбада.

Бұған дейін Ролан Анатолий сапары барысында жариялаған соңғы видеосында Иракқа жеткенін хабарлаған.

Оның қазіргі орналасқан жері мен жағдайы әзірге белгісіз.