Прямая трансляция

Астана

Астана

17°C

Таиландта 60 күндік визасыз режим тоқтатылады

Таиланд бірқатар мемлекет азаматтары үшін визасыз жүру мерзімін 60 күннен 30 күнге дейін қысқартады.

Таиландта 60 күндік визасыз режим тоқтатылады
Фото: sputnik.kz

Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі елшілігі таратқан ақпаратқа сәйкес, 60 күндік визасыз режим 15 қыркүйекте тоқтатылады. Содан бастап Қазақстан мен Таиланд үкіметтері арасындағы ұлттық паспорт иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімнің ережелері қолданылатын болады.

"Келісімге сәйкес, Қазақстан азаматтары Таиланд аумағында елге кірген күннен бастап 30 күнтізбелік күнге дейін визасыз бола алады, бұл ретте әрбір 180 күндік кезең ішінде болудың жиынтық мерзімі 90 күнтізбелік күннен аспауға тиіс",- делінген ресми хабарламада.

Осыған байланысты Таиландқа баруды жоспарлап отырған қазақстандықтар соңғы өзгерістерді ескеру қажет. Ол жақта 30 күннен астам уақыт боламыз дейтін азаматтар тиісті визаны алдын ала рәсімдеуі керек.