Прямая трансляция

Астана

Астана

16°C

Павлодар облысында қайық аударылып, бір адам жоғалып кетті

Павлодар облысында 12 қыркүйекте бес адам мінген алюминий қайық аударылып, бір адам жоғалып кетті, деп хабарлайды paryz.kz.

Павлодар облысында қайық аударылып, бір адам жоғалып кетті
Фото: ПДД

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, 112 пультіне хабарлама 12 қыркүйекте түскен. Жаңауыл ауылының маңында бес адам мінген алюминий қайық аударылған. Төртеуі жағаға шыға алған. Ал 1983 жылы туған ер адам суға батып кетті деп болжануда.

Іздеу жұмыстарына жедел-құтқару жасағының 6 құтқарушысы, 3 жүзу құралы және 2 эхолот жұмылдырылды.

Екі күн ішінде эхолотпен Ертіс өзенінің түбінен шамамен 35 шақырым жер тексерілді. Сондай-ақ сүңгуірлер 11 рет түсіп, шамамен 5000 шаршы метр аумақты қарап шықты. Қазір іздеу шаралары жалғасып жатыр.