Прямая трансляция

Астана

Астана

20°C

Тоқаев Қазақстан құрамасын Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жетістігімен құттықтады Президент қазақстандық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ұлттық құрамасын VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында табысты өнер көрсетуімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

Тоқаев Қазақстан құрамасын Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жетістігімен құттықтады  Президент қазақстандық
Ақорда

Президент спортшылардың жоғары нәтижеге табандылықтың, жанқиярлық еңбек пен мұқалмас ерік-жігердің арқасында жеткенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев чемпиондар мен жүлдегерлерге, бапкерлер құрамына және ұлттық құраманың жетістігіне үлес қосқан барлық маманға ризашылығын білдірді.

Мемлекет басшысының айтуынша, мұндай ерен жетістіктер Қазақстанның ұлттық спорт түрлері дамыған ел ретіндегі халықаралық беделін арттыра түседі.

Президент қазақстандық спортшыларға алдағы уақытта да ең беделді халықаралық жарыстарда биік белестерді бағындыруға тілектестік білдірді.