Прямая трансляция

Астана

Астана

18°C

Мұрат Мұханов Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің жаңа басшысы атанды

Қазақстан Төтенше жағдайлар министрі қызметіне бүгін Мұрат Мұханов тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Мұрат Мұханов Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің жаңа басшысы атанды
Фото: primerministers.kz

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Сейтмолдаұлы Мұханов Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар министрі лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорда хабарламасында.

Өмірбаяны Премьер-министрдің ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Мұрат Мұханов 1985 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген. Қзақстан ТЖМ Көкшетау техникалық институтын, РФ Азаматтық қорғаныс істері министрлігі Санкт-Петербург мемлекеттік өртке қарсы қызмет университетін бітірген.