Дәурен Қосанов қорғаныс министрі болып қайта тағайындалды.
Қазақстан президенті тиісті жарлыққа қол қойды.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Қосанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Дәурен Қосанов бұл лауазымға 2025 жылдың 8 маусымында тағайындалған болатын.
Оған дейін Дәурен Қосанов қорғаныс министрінің орынбасары – қарулы күштері әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы болған.