Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады, деп хабарлайды paryz.kz.
Сайлаудың алдын ала нәтижесі: 1."Әділет" партиясы – 71,17% 2."ЖСДП" партиясы – 5,11% 3."Байтақ" жасылдар партиясы – 1,07% 4.Қазақстан Халық партиясы – 3,11% 5."Ауыл" партиясы – 6,26% 6."Ақ жол" партиясы – 5,21% 7."Respublica" партиясы – 5,56% 8."Бәріне қарсымын" – 2,51%.
Осылайша, жаңа Құрылтайға 5 партия өтіп отыр. 5% шекті бағындырған партиялар - "Әділет", "ЖСДП", "Ауыл", "Ақ жол" және "Respublica" партиясы. Жалпы, 7 партиядан 545 кандидат ұсынылған еді.
Құрылтайда 145 депутаттық мандат болады. Әрбір партия жинаған дауыстың көлеміне қарай депутаттық орынды алады.