Прямая трансляция

Астана

Астана

16°C

Ақтауда 10 мың көрерменге арналған жаңа стадионның құрылысы басталды

Ақтауда 10 мың көрерменге арналған жаңа стадионның құрылысы басталды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Ақтауда 10 мың көрерменге арналған жаңа стадионның құрылысы басталды
Фото: Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Құрылыс жұмыстарының басталуына арналған рәсімге Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, спорт ардагерлері және спорт саласының өкілдері қатысты. Іс-шара барысында болашақ нысанның іргетасына уақыт капсуласы салынып, стадион құрылысына ресми түрде бастау берілді.

IMG_5321.jpeg

Жаңа стадион Маңғыстау облысының спорттық әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды жобалардың бірі болмақ. Арена Қазақстан футбол федерациясының 5-санаты талаптарына және UEFA-ның 4-санат стандарттарына сәйкес салынбақ.

Жаңа нысан жоғары деңгейдегі жарыстар өткізуге, футболды дамытуға және жас спортшыларды даярлауға мүмкіндік береді.

Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен елімізде бұқаралық және кәсіби спортты дамытуға бағытталған жұмыстардың бір бөлігі ретінде жүзеге асырылуда.

Құрылыс жобасын жүзеге асыруға атсалысып отырған компания өкілдері жаңа стадионның өңірдің спорт саласын одан әрі дамытуға серпін беріп, болашақ чемпиондарды тәрбиелеуге өз үлесін қосатынына сенім білдірді.