Мемлекет басшысы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа биыл 23 тамыз күні өтетін Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына дайындық барысы туралы мәлімет берілді.
Президент бұл сайлау науқанының тарихи сипаты мен қоғамдық-саяси маңызы айрықша екенін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауды "Заң мен тәртіп" қағидаты негізінде ашық әрі барлық қатысушыға тең жағдай жасау арқылы өткізу қажеттігіне баса назар аударды.