Прямая трансляция

Астана

Астана

28°C

Ақтөбе облысында TikTok-та балағат сөз айтқан тұрғын қамауға алынды

Ақтөбе облысы Полиция департаментінің қызметкерлері интернет кеңістігіне жүргізілген мониторинг барысында TikTok әлеуметтік желісіндегі құқыққа қайшы тікелей эфирді анықтады, деп хабарлайды paryz.kz.

Ақтөбе облысында TikTok-та балағат сөз айтқан тұрғын қамауға алынды
Фото: видиодан скриншот

Эфир барысында әйел адам балағат сөздер айтып, қорлайтын ым-ишаралар көрсеткен. Құқық бұзушы Ақтөбе қаласының 26 жастағы тұрғыны Береке Нагиева екені анықталды. Сот шешімімен әйел 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

-Полиция әлеуметтік желілердің қоғамдық кеңістікке жататынын еске салады. Жарияланған контент пайдаланушыларды құқыққа қайшы әрекеттері мен сөздері үшін жауапкершіліктен босатпайды. Балағат сөздер, қорлау және қоғамдық тәртіпті бұзатын өзге де әрекеттер заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады,-делінген хабарламада.