Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Болашақ ойындары – 2026" халықаралық мультиспорт турнирінің ашылу салтанатында сөз сөйлейді. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған paryz.kz.
Ақорданың мәліметінше, астанада 29 шілде - 9 тамыз аралығында өтетін сайыста 34 елден 800 спортшы бақ сынайды.
Іс-шараның ашылу салтанатына Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров және Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон қатысады.