Прямая трансляция

Астана

Астана

15.79°C

Алматыда балконнан құлап кеткен 21 жастағы жігіт қаза тапты

Алматыда 21 жастағы жігіт көпқабатты үйдің балконынан құлап кетіп, қаза тапты, деп хабарлайды paryz.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Алматыда балконнан құлап кеткен 21 жастағы жігіт қаза тапты
Фото: Астана арнасы

Қайғылы оқиға Бостандық ауданында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жас жігіт аптап ыстыққа қарамастан, сырт киіммен жүрген көрінеді. Полиция осы және өзге де мән-жайлар жан-жақты тексерілетінін мәлімдеді.

"Бұл дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын, оның ішінде қайғылы жағдайдың ықтимал себептерін анықтауда. Сондай-ақ марқұмның өмір салты, араласатын ортасы және тергеу үшін маңызды өзге де жағдайлар зерделеніп жатыр", - дейді Алматы қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.