Ұлытау облысының жаңа әкімі тағайындалды. Бұл қызметке Есет Байкен келді. Бұған дейін ол Астана әкімінің орынбасары лауазымын атқарған, деп хабарлайды Ақорда.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Есет Берікұлы Байкен Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Астана әкімдігінің ресми сайтында жарияланған мәліметке сүйенсек, Есет Байкен 1986 жылы Қарағанды облысында туған. Қазақ гуманитарлық-заң университетінде "қаржы" мамандығы бойынша орта арнаулы және жоғары білім алған.
Сондай-ақ Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін "құқықтану" мамандығы бойынша тәмамдаған. Құқықтану және қаржы бакалавры.