Мемлекет басшысының Шанхайға сапары аясында Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев BYD компаниясының басшылығымен кездесу өткізді, деп хабарлайды paryz.kz.
Келіссөздер барысында тараптар интеллектуалды көлік, цифрлық инфрақұрылым және жоғары технологиялар саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады. Компания өкілдері қазақ тілін қолдайтын AI-ассистентті, жартылай өткізгіштер, күштік электроника саласындағы шешімдерді, сондай-ақ электромобильдерді қуаттау уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік беретін Blade Battery 2.0 және Flash Charging технологияларын қоса алғанда, озық әзірлемелерді таныстырды.
Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан қалалары үшін интеллектуалды көлік шешімдерін дамытуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында BYD Flash Charge жоғары жылдамдықты қуаттау станциялары желісін салуды көздейтін ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. BYD-мен ынтымақтастық автомобиль саласы контекстінде ғана емес, сонымен қатар цифрлық инфрақұрылымды дамыту, инновациялық технологияларды енгізу және Қазақстанда бірлескен жоғары технологиялық жобаларды іске асыру мүмкіндігі ретінде қарастырылады.