Блогер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенова бұған дейін ұтысқа саламыз деп уәде берген, кейін тәркіленген көліктер сатылды.
Электрондық сауда қорытындысы бойынша барлық көлік мемлекеттік органдарға берілді. E-Qazyna мемлекеттік мүлік порталы арқылы сегіз Hyundai Elantra автокөлігі сатылды.
Платформа мәліметінше, бұл көліктер құрылтайшысы Эльмира Төлегенова болып табылатын «Zhana Business» ЖШС атына тіркелген.
Сауда-саттық 7 шілдеде сағат 10:00-де өтті. Кейбір көліктердің бастапқы құны шамамен 8,4 млн теңгені құрады. Дегенмен, оларды тек мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар, соның ішінде әлеуметтік және білім беру ұйымдары ғана сатып ала алды.