Прямая трансляция

Астана

Астана

24.77°C

СІМ қазақстандықтарға Африка мен Таяу Шығыс елдеріне сапарды кейінге қалдыруға кеңес берді

Жазғы демалыс маусымы басталған тұста Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарға шетелге шығуды жоспарлағанда эпидемиологиялық және қауіпсіздік жағдайын мұқият ескеруге кеңес берді. Бұл туралы ведомствоның ресми өкілі Ерлан Жетібаев брифингте мәлімдеді, деп хабарлады paryz.kz.

СІМ қазақстандықтарға Африка мен Таяу Шығыс елдеріне сапарды кейінге қалдыруға кеңес берді
Фото: Baq.kz.

Біз өз азаматтарымызға шетелге шыққан кезде, әсіресе Африка елдеріндегі қазіргі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, сапарларын жоспарлауды ұсынамыз. Егер аса қажеттілік болмаса, бұл елдерге бару мәселесін қайта ойластырған жөн, - деді Ерлан Жетібаев.

Сонымен қатар ведомство Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты да сақтық танытуға шақырды.

Біз өңірде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін өзара қолайлы шешімдердің жақын арада қабылдануына үміттенеміз. Алайда жағдай толық тұрақталғанға дейін сақтық танытқан жөн деп санаймыз. Сондықтан азаматтарға мүмкіндігінше өңір елдеріне аса қажет емес сапарлардан уақытша бас тартуға кеңес береміз, – деді ол.

Министрлік өкілдері шетелге шығар алдында баратын елдегі эпидемиологиялық ахуал мен қауіпсіздік жағдайын алдын ала тексеріп, ресми мемлекеттік органдардың ұсынымдарын ескеруге шақырды.