Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев Ербаян Мұхтардың өлімінен кейін тергеу басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды paryz.kz.
Бүгін сенат отырысынан кейін журналистер вице-министрден Ербаян Мұхтардың ісіне қатысты қандай шаралар қабылданып жатқанын сұрады.
"Қорғаныс министрлігі бұл жағдайда шет қалған жоқ. Қазіргі кезде Ұлттық ұланның басқармасымен қандай жағдай болғаны жан-жақты тексеріліп, тергеліп жатыр. Ал қорғаныс министрлігі өз тарапынан қандай көмек керек, соның бәрін беріп жатыр", - деді Жазықбаев.
Оның айтуынша, қылмыстық істі тергеу нәтижесінде кінәлі адамдар жазаланады. Тәртіптік шаралар да қолданылады.