Денсаулық сақтау министрлігі Ербаян Мұхтардың өліміне не себеп болғанын айтты. Оның өліміне бірнеше ағза мүшесінің жеткіліксіздігі себеп болған, деп хабарлайды paryz.kz.
"Денсаулық сақтау министрлігі және Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы Ұлттық ұланның бұрынғы әскери қызметшісі Мұхтар Ербаянның отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтады", - делінген министрлік хабарламасында.
Ведомство дәрігерлер науқастың өмірін сақтап қалу үшін үш жылға жуық күрескенін, бірақ мидағы қалпына келмейтін өзгерістер салдарынан пайда болған ауыр жарақаттар оның ары қарай өмір сүруіне мүмкіндік бермегенін мәлімдеді.
"Науқас Мұхтар Ербаян Хамитұлы әскери қызмет кезінде алған ауыр бас ми жарақаты салдарынан 2023 жылдан бері ауыр жағдайда болды. Ол ұзақ уақыт тұрақты вегетативтік күйде жатты. Интенсивті терапия, оның ішінде тыныс алуды қолдау шараларына қарамастан, сатурациясы төмендеп, жүрек соғысының бұзылуы және гемодинамикалық тұрақсыздық секілді өмірлік маңызды белгілер байқалған", - деп түсіндірді министрлік.
Осы уақытқа дейін науқастың жағдайы ауыр болған. Медицина мамандары барлық қажетті реанимациялық және емдеу шаралары кешенін жасады.
Ішкі істер министрлігі Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, оны Түркия Республикасына емдеуге жібергені, онда алғашқы диагноз расталғаны атап өтілді. Ведомство биыл маусымда негізгі ауру аясында инфекциялық асқынулар, сепсис және бірнеше ағза мүшесінің жеткіліксіздігі синдромы пайда болғанын атап өтті. forevent.kz Жарнама Аттракцион Crane в Астане! Для корпоративных мероприятий Узнать больше vpluse.me Жарнама Каждая крышка в плюс Узнать больше "2026 жылдың 23 маусымында сағат 21:40-та науқастың биологиялық өлімі расталды. Өлімнің басты себебі ауыр бас миы жарақаты салдарынан өрбіген асқынулардан соң пайда болған ағзаның бірнеше мүшесінің жеткіліксіздігі синдромы болды", - делінген хабарламада.
Сонымен бірге министрлік өкілдері науқас ең заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған палатада жатқанын хабарлады. Оған заманауи дәрі-дәрмектер беріліп, арнайы жағдайлар жасалған.
"Медицина қызметкерлері барлық қажетті емдеу мен күтімді, туыстарының науқас жатқан жансақтау бөліміне кіруін қамтамасыз етіп, жоғары сапалы медициналық көмек көрсетуге арналған барлық жағдайды қарастырған", - делінген министрлік мәлімдемесінде.