Прямая трансляция

Астана

Астана

24.65°C

Астанада соңғы 85 жыл ішіндегі ең ыстық ауа температурасы тіркелді

Астанада ең ыстық ауа температурасы тіркелді. Кеше, 23 маусымда елордада күн +36,8°C-қа дейін ыстық болды. Мұндай аптап соңғы 85 жылда болмаған, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Астанада соңғы 85 жыл ішіндегі ең ыстық ауа температурасы тіркелді
Фото: istockphoto

"Астанада 85 жылдық температуралық рекорд жаңартылды. 2026 жылғы 23 маусымда Астанада осы күн үшін жаңа температуралық рекорд орнатылды. Ауаның ең жоғары температурасы +36,8°C-қа жетіп, алдыңғы рекордтан 0,4°C-қа жоғары болды. Бұған дейін 23 маусымдағы ең жоғары көрсеткіш +36,4°C градуспен 1941 жылы тіркелген еді", - делінген синоптиктер хабарламасында.