2026 жылдың қаңтар-сәуір аралығында Қазақстанда 1926 егіз және 54 үшем дүниеге келді. Көпұрықты босану жағдайлары ең көп Түркістан облысында тіркелді, бұл аймақ еліміздегі туу көрсеткіші ең жоғары өңірлердің қатарына енді, деп хабарлайды paryz.kz.
Егіздер саны бойынша көшбасшылар Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ең көп егіз мына өңірлерде туған:
Түркістан облысында - 263 жағдай; одан кейін 245 егіз тіркелген Алматы қаласы тұр, ал үздік үштікті 175 жағдаймен Алматы облысы түйіндеді.
Үшемдер қай өңірде жиі туылады?
Үшемдер саны бойынша бірден үш өңір бірінші орынға ие болды. Түркістан, Атырау облыстарында және Шымкент қаласында үш үшемнен дүниеге келген, бұл әр өңірде тоғыз баладан деген сөз.Қалған облыстарда мұндай жағдайлар сирегірек кездесті. Жарнама Бұл кезеңде төртемдер дүниеге келген жоқ.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы төрт айында елімізде барлығы 99,4 мың сәби дүние есігін ашқан.
Туудың ең жоғары көрсеткіші Түркістан облысында тіркелді - әр мың тұрғынға 19,75 нәрестеден келеді. Шымкентте бұл көрсеткіш 19,39 болса, үздік үштікті 19,28 көрсеткішімен Маңғыстау облысы аяқтады.