Прямая трансляция

Астана

Астана

31.06°C

АҚШ-тың көші-қон қызметі терроризм күдігі бойынша Қазақстан азаматын ұстады

АҚШ көші-қон қызметі (ICE) қазақстандық Еламан Балтагерейдің ұсталғанын мәлімдеді. ICE мәліметінше, ол терроризм бойынша күдікке ілінген, деп хабарлайды Paryz.kz KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап

АҚШ-тың көші-қон қызметі терроризм күдігі бойынша Қазақстан азаматын ұстады
Фото: x.com/ICEgov

Қазақстан азаматы Еламан Балтагерейдің тұтқындалуы туралы ICE мәлімдемесі X желіcінде ведомствоның ресми парақшасында жарияланды.

"Өткен жазда иммиграциялық судья оны депортациялау туралы шешім шығарды, бірақ ол сот отырысына келмеді. Еламан Балтагерей депортациялау туралы соңғы шешімге сәйкес терроризм бойынша күдікті ретінде ұсталды. ICE оны елден шығару процесін ұйымдастыру процесі кезінде қамауда ұстайды", - делінген хабарламада.