Прямая трансляция

Астана

Астана

27.7°C

Қазақстан бидай импортына қайтадан шектеу енгізбек

Қазақстан шетелден бидай әкелуге қайтадан шектеу енгізуді жоспарлап отыр. Ауыл шаруашылығы министрлігінің тиісті бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Қазақстан бидай импортына қайтадан шектеу енгізбек
pixabay

Құжатқа сәйкес, бидайды автомобиль, теміржол және су көлігі арқылы импорттауға алты ай мерзімге тыйым салу ұсынылған. Шектеу Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден, сондай-ақ басқа елдерден жеткізілетін бидайға да қатысты болады.

Сонымен қатар бірқатар ерекшеліктер қарастырылған. Теміржол арқылы бидайды құс фабрикалары, ұн тарту кәсіпорындары, лицензияланған элеваторлар және «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы импорттай алады.