Прямая трансляция

Астана

Астана

24.42°C

Полицейлер ұшақ бортында ұрланған 7 млн теңгеден аса қаржыны иесіне қайтарды

Криминалдық полиция қызметкерлері ұшақ бортындағы ұрлықты ізін суытпай ашып, 7,6 млн теңгені иесіне қайтарды, деп хабарлайды paryz.kz Polisia.kz—ке сілтеме жасап.

Полицейлер ұшақ бортында ұрланған 7 млн теңгеден аса қаржыны иесіне қайтарды
Фото: polisia.kz

ІІМ-нің ведомстволық сайтының жазуынша, алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдіктілер Шымкент – Астана бағытындағы әуе рейсі кезінде жәбірленушінің салғырттығын пайдаланып, оған тиесілі 7,6 млн теңгені жымқырған.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қылмысты жасады деген күдікпен екі шетел азаматы анықталып, ұсталған. Олар өз кінәларын мойындап, қамауға алынған.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар күдіктілердің осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Көліктегі полиция департаменті азаматтарды сапар барысында қырағылық танытуға, жеке заттарды, құжаттар мен ақшалай қаражатты қараусыз қалдырмауға, бөгде адамдарға сеніп тапсырмауға және бағалы бұйымдарды үнемі бақылауда ұстауға шақырады.