Прямая трансляция

Астана

Астана

22.09°C

Маңғыстауда қоршаған ортаны қорғау күніне орай өңіраралық экологиялық форум өтуде

Маңғыстау облысында 5 маусым - қоршаған ортаны қорғау күніне орай өңіраралық экологиялық форум өтіп жатыр, деп хабарлайды paryz.kz.

Маңғыстауда қоршаған ортаны қорғау күніне орай өңіраралық экологиялық форум өтуде
Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Іс-шараны облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы ұйымдастырды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы. Форум үш секциядан тұрады.

1001011773.jpg

Атап айтқанда, бірінші -экологиялық мәдениет, екінші - жасыл технологияларды пайдалану, үшінші эко волонтерлық тақырыбына арналды.

Форум нәтижесінде өңіраралық бағдарлама қабылданады. Бағдарламаға Каспий теңізінің ластануы мен өңіраралық туризм мәселелері толығымен қамтылады.

1001011779.jpg

Сонымен қатар, экологиялық мәдениетті, білімді арттыру бойынша ұсыныстар енгізіледі. Маңғыстау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Әсел Балманова әр тақырыпқа өзге өңірлерден келген делегация өкілдері қызығушылық танытқанын атап өтті.

1001011788.jpg

-Батыс өңіріндегі экологиялық мәселелер бір-бірімен тығыз байланыста болғандықтан, бір-бірін бөлмей барлығын Маңғыстауда қарсы алып отырмыз. Әр тақырыпқа өзге өңірлерден келген делегация өкілдері қызығушылық танытты. Солардың барлығы талқыланып ортақ өңірлік бағдарлама жасалатын болады. 5 маусым күні барлық әріптестерімізбен бірге Бозжыра шатқалындағы түрлі экологиялық квесттер өткізетін боламыз. Қарақия ойпатында тазалық жұмыстарын жүргізетін боламыз. Форум барысында NCOC компаниясының өкілдеріоқушылардың экологиялық бағыттағы ғылыми жобаларын қаржыландыруға ниетті екендерін жеткізді. Мұның өзі үлкен қолдау деп есептеймін, - деді Әсел Балманова.

 

1001011782.jpg

Сондай-ақ, форум аясында Yessenov university студенттерінің экологиялық жобалар көрмесі және жергілікті қолөнершілер мен экологиялық тағамдар дайындайтын кәсіпкерлердің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.