Прямая трансляция

Астана

Астана

26.46°C

Прокуратура Мұхамедиұлымен байланысты компаниядан миллиардтық активті қайтарды

Алматы қаласының прокуратурасы «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС-нің 100 пайыздық үлесі мен оған тиесілі мүлікті мемлекет меншігіне қайтарды, деп хабарлайды Ақорда.

Прокуратура Мұхамедиұлымен байланысты компаниядан миллиардтық активті қайтарды
фото: Халық үні

Бұл туралы прокуратура мәлімдеді. Ведомствоның мәліметінше, 2015 жылы серіктестік құрамындағы жылжымайтын мүлік заңсыз түрде иеліктен шығарылып, кейін жеке заңды тұлғаның меншігіне өткен.

Сөз Алматының Әуезов ауданында орналасқан, жер телімінің жалпы ауданы 2 108,3 шаршы метрді құрайтын ғимарат туралы болып отыр. Мемлекеттің мүліктік мүдделерін қорғау мақсатында Әуезов ауданының прокуратурасы жекешелендіру туралы шарт пен кейін жасалған мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы сотқа талап арыз берген.

Нәтижесінде кассациялық сот прокуратураның талаптарын толық қанағаттандырды. Сот шешіміне сәйкес, нарықтық құны 1,3 миллиард теңге болатын актив мемлекет меншігіне қайтарылатын болды. 

Прокуратураның хабарлауынша, мемлекетке қайтарылған мүлік бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлымен байланысты компанияның иелігінде болған.