Бүгін, 5 маусымда Ұлттық банк базалық мөлшерлеме туралы шешімін жариялап, базалық мөлшерлемені 17 пайызға дейін төмендеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды paryz.kz.
"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 17,00% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады. Бұл шешім кезекті болжамды раундтың нәтижесіне, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер мен инфляция тәуекелдері теңгерімінің жаңартылған бағалауына сүйеніп қабылданды", - делінген хабарламада.