Қазавиақұтқару ұшқыштары жүкті әйелді Қарағандыға жеткізіп, шұғыл санитарлық рейс орындады, деп хабарлайды paryz.kz.
ТЖМ авиациясы Қарағанды қаласына санитарлық рейс орындады. Шұғыл медициналық көмекке мұқтаж жүкті әйел Атасу кентінен Қарағандыға тікұшақпен жеткізілді.
«ТЖМ Қазавиақұтқару ұшқыштары мен санитарлық авиация дәрігерлерінің үйлесімді әрі жедел әрекеттерінің арқасында науқас аман-есен медициналық мекемеге жеткізілді, - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.