Прямая трансляция

Астана

Астана

30.58°C

Тоқаев Кипр президентіне І дәрежелі Достық орденін табыстады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Кипр президенті Никос Христодулидиске І дәрежелі Достық орденін табыстады, деп хабарлайды Ақорда.

Тоқаев Кипр президентіне І дәрежелі Достық орденін табыстады
Ақорда

Ең алдымен менің шақыруымды қабыл алып, Астанаға ресми сапармен келгені үшін президент Никос Христодулидис мырзаға шынайы алғысымды білдіремін. Бұл – Кипр басшысының елімізге президент ретінде жасаған алғашқы сапары. Осы тарихи оқиға мемлекеттеріміздің ынтымақтастығын жаңа белеске көтеретіні анық, - деді Президент.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай құрмет Никос Христодулидиске Қазақстанға алғаш рет жасаған ресми сапары барысында көрсетіліп отырғанын жеткізді.

Кипр Республикасының басшысы осы оң үрдіске зор үлес қосып келеді. Мен мұны жоғары бағалаймын. Сол себепті жоғары мәртебелі президент Никос Христодулидиске І дәрежелі Достық орденін тапсырдым. Бұл награда қазақ елінің сізге және бүкіл Кипр Республикасының халқына деген ерекше құрметінің, шынайы ілтипатыныңм белгісі, - деп атап өтті Мемлекет басшысы.