Тәуелсіздік сарайында елімізге ресми сапармен келген Кипр Республикасының президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлады Ақорда.
Іс-шара аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никос Христодулидис бір біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң Қазақстан мен Кипрдің әнұрандары шырқалды.