Прямая трансляция

Астана

Астана

26°C

«Әлихан Бөкейхан Жошы ұлысын қайта жаңғыртқысы келді» - алаштанушы

Алаштанушы ғалым Сұлтан Хан Аққұлы Adal ADAM YouTube арнасына берген сұхбатында Әлихан Бөкейхан бастаған алаш қайраткерлері Жошы ұлысын қайта жаңғыртуды мақсат еткенін айтты, деп хабарлайды paryz.kz.

«Әлихан Бөкейхан Жошы ұлысын қайта жаңғыртқысы келді» - алаштанушы
Фото: видиодан скриншот

Оның айтуынша, Алаш атауы Жошы хан есімімен, түркі тайпаларының басын біріктірген Жошы ұлысымен байланысты.

«Райымжан Мәрсековтің жапон үкіметіне Алашорда атынан жазған хатында «Алашорда атауын біз 13 ғасырда құрылып, 150 жыл жасаған Алтын Орданың (Жошы ұлысы) құрметіне қойдық» деген. Міне, Алаш идеясының астарында бір ғана қазақ ұлттық мемлекетін емес, 13 ғасырдағы түрік бірлігі империясын, яғни Жошы ұлысын қайта қалпына келтіру идеясы жатты. Егер қазақ ұлт-азаттық қозғалысы десе, Жошы хан қол астында болған басқа түркі тілдес халықтар - алты алаш біріге қоймайтын еді», - деді ол.

Алаштанушы ғалым Алашорда үкіметі түркі жұртын түгел біріктіруді көздеді, оған дәлел жеткілікті деп отыр.

«Егер Әлихан Бөкейхан бастаған алаш қайраткерлерінің жоспары іске асқанда, башқұрт, татар, бурят, хакастарды қосқанда бір ғана алып мемлекет болатын едік. Ол мемлекет Алашорда деп аталуы тиіс еді. Яғни Ресеймен, Қытаймен, Жапониямен сен деп сөйлесетін Еуразиядағы ең алып мемлекет болатын едік», - деді Сұлтан Хан Аққұлы.

Сонымен қатар сұхбатта алаштанушы Әлихан Бөкейханның масон ұйымдарымен байланысы туралы жан-жақты саралады.