Прямая трансляция

Астана

Астана

29°C

Астанада пробациялық бақылаудағы азаматтар арасында спартакиада өтуде

Астанада Есірткі қылмысына қарсы күрес айлығы аясында пробациялық бақылаудағы азаматтар арасында спорттық спартакиада өтуде. Іс-шараны Астана қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы, Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті, «Право» қоғамдық қоры және «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Астанада пробациялық бақылаудағы азаматтар арасында спартакиада өтуде
Фото: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Спартакиаданың негізгі мақсаты – қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу, пробациялық бақылаудағы азаматтардың салауатты өмір салтын ұстануына ықпал ету, әлеуметтік жауапкершілігін арттыру және есірткіге тәуелділік пен өзге де зиянды әдеттердің алдын алу.

Шараға «Жасыл желкен» қоғамдық қорының басшысы Гүлзат Қаналханқызы, адвокат Әлібек Секеров, сондай-ақ есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі республикалық және қалалық кеңес мүшелері Баян Ахатай, Мирзада Сейтқали, Нұрсұлтан Әлиақпаров, Ербол Жантықов және Айрат Жеңіс қатысуда.

cc219f0d-1ebd-4be4-a61e-9d6e1b7f0565.jpeg

Жарыс бағдарламасына футбол, шахмат және дойбы сайыстары енгізілген. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар пробациялық бақылаудағы азаматтардың қоғамға бейімделуіне, тәртіпті нығайтуға, командалық өзара іс-қимылды дамытуға және өмірлік оң құндылықтарды қалыптастыруға ықпал етеді.

Спартакиада барысында қатысушылар қоғамның қолдауы мен түсіністігі өмірде қателік жіберіп, қайтадан дұрыс жолға түсуге ұмтылған азаматтар үшін маңызды екенін атап өтуде. Шараға шамамен 60 адамның қатысуы жоспарланған.

Ұйымдастырушылардың пікірінше, спорттық жарыстар салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, азаматтардың жаңа өмір бастауына қосымша мотивация береді.