Прямая трансляция

Астана

Астана

8°C

9 және 11-сынып түлектерінің емтихан мерзімі белгілі болды

Қазақстанда 2025–2026 оқу жылына арналған қорытынды аттестацияның мерзімдері ресми түрде бекітілді. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығында көрсетілген.

9 және 11-сынып түлектерінің емтихан мерзімі белгілі болды
Фото: gov.kz

9-сынып оқушыларының қорытынды емтихандары 2026 жылғы 29 мамыр мен 11 маусым аралығында өтеді. Оқушылар міндетті пәндер бойынша төрт жазбаша емтихан тапсырады.

Ал 11-сынып түлектеріне арналған мемлекеттік емтихандар 2-15 маусым аралығына жоспарланған. Түлектер бес емтихан тапсырады, оның бірі ауызша форматта өткізіледі. Негізгі және жалпы орта білім туралы аттестаттарды салтанатты табыстау рәсімі 17-18 маусым күндері мектеп қабырғасында ұйымдастырылады.

Министрлік мәліметінше, аттестат тапсыру шарасы мектеп басшысының бұйрығымен және ата-аналар комитетімен келісім негізінде өткізіледі.